Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Табиғат апаты кезінде халыққа қол жайып, қайыршы боласыңдар!»: заңгер Үкіметті сынға алды

paryz.kz

«Табиғат апаты кезінде халыққа қол жайып, қайыршы боласыңдар!»: заңгер Үкіметті сынға алды

“Жапон елі мұхиттың үстіне биік қабатты үй тұрғызып жатқанда, біз тақыр жерде отырып жай ғана қардың еріген суын игере алмай отырмыз.

Отыз жылда мықты мамандар жемқорлыққа батқан елден шетелге кетті. Нәтижесінде зардабын қара халық көріп отыр. Бізде мықты инженер мамандарға мүмкіндік бергенде, бұндай апат болмас еді. Біздің еліміздің жеріне өзгелер қызыға және қызғана қарайды.Оны игере алмай жатқан өзіміз. Қардың еріген суын, үлкен су қоймасын жасап сонда жинап, жазда егістікке пайдалансақ та болар еді. Әттең, оған жемқорлардың басы жетпейді”.

Заңгердің сөзінше, тасқынды тосуға бөлінетін миллиардатаған ақша мәселені шешіп жатқан жоқ.

“Жыл сайын су тасқынан құтқаруға миллиардтап ақша бөле бермей, Жапон елінің мықты инженер технологтарын шақырып біржола шешіңдерші. Су таситын аймақтарды зерделеп, судың астында қалмаудың жолдарын олар бір-ақ күнде шешіп береді!

Өздеріңнің миларың істемесе, халықтың игілігі үшін миы істейтіндерге беріңдерші. Мен қарсы емеспін Жапонияның мықты мамандарын шақыруға. Әшейінде, жай ғана театр қойылымдарына 2 миллион доллар бөліп сол жақтан режиссер шақырғанда бәледейсіңдер, ал халықтың мәселесіне келгенде неге бастарың істемей қалады?”.

Айгүл Орынбектің пікірінше, кез келген апаттың салдарын жою үшін халықтан ақша жинау дұрыс емес. Онсызда қымбатшылықта өмір сүріп жатқан ел тұрғындарының оған жағдайы жетпейді.

“Осындай су тасып, табиғат апаты болған кезде, халыққа қол жайып қайыршыланып қаласыңдар!

Елге қайтып жатқан активтер қайда? “Қазақ халқына” қорына құйылып жатқан миллиондар қайда? Азық-түлік, коммуналдық қызметтер күнделікті өсіп жатқанда, халыққа қол жаюды тоқтатыңдар! Отыз жылда қазақ жерінің байлығын сатып, байып кеткен 162 байды сілкілеңдер! Халықтың сендерге беретін түгі жоқ! Қайта Үкіметке қол жаймай, өз күндерін көріп отырғандарына рахмет айтыңдар!”.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024