Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтөбенің Ойыл ауданында төтенше жағдай жарияланды

ktk.kz

Ақтөбенің Ойыл ауданында төтенше жағдай жарияланды

Мұнда Екпетал ауылын су басты, деп жазады kazinform. Бірнеше ауылда жарық жоқ. Ақтөбе облысы Ойыл ауданында да тасқын қаупі күшейді. Аудан әкімі Асқар Қазыбаев тұрғындарды қауіпсіз жерге көшуді сұрап отыр.

- Көктемгі су тасқыны ауданға үлкен қиыншылық туғызып отыр. Осыған байланысты аудан бойынша бүгіннен бастап жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Қазіргі кезде Екпетал ауылын толық су басты. Қаратал, Қарасу, Амангелді, Қарасу, Көптоғай ауылдарына үлкен қауіп төндіруде. Сондықтан барлық аталған елдімекен тұрғындарынан қауіпсіз аймаққа шығуларыңызды сұраймыз. Ең бастысы - адам өмірі. Қазіргі уақытта Берсиев, Саралжын, Қайыңды, Ойыл ауылдық округтерінде электр жарығы жоқ. Сонымен қатар ауданаралық жол қатынасы үзілді, - деді Ойыл ауданының әкімі Асқар Қазыбаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024