Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қызыл сумен қаржы ағып келеді: танымал журналист су тасқынына күйінді

newsroom.kz

Қызыл сумен қаржы ағып келеді: танымал журналист су тасқынына күйінді

Белгілі журналист Диас Нұрақын тасқын суды игеруге бөлінген қаржының қайда кететені белгісіз дейді. Айтуынша, тасқын судың арты таза бизнеске айналуы мүмкін,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Тасқын деген түсіне білген адам үшін таза бизнес қой. Бюджеттен бөлінген миллиардтарды бір аптада игеріп тастайсың. Қызыл суға деп қомақты қаржы жұмсап, қар суымен қалтаң қампайып шыға келеді. Есебі, сұрауы жоқ су ақша. Қырық мың тонна құм төседім, қапшық алдым, арық қаздым деп қағазға сүйкей саласың. “Қамданғаның қайда?” - деген адамға қызыл су жүріп өткен жыраны көрсетіп, бәрі ағып кетті ёлки деп отчетты жаба саласың.

Екінші кезеңде, суға батып, құлаған баспаналарды жөндеуге тағы ақша бөлесің. Бүлінген үйлерді өзіңнің немесе таныстарыңның құрылыс компаниясы салады. Қызыл судың арқасында обьем алып, тағы бір жырғап қаласың.

Үшіншіден бұзылған көпір мен тасқын шайған тас жолдарды жасау керек. Оған да ақшаны аямай бөлесің. Өйткені жұртқа жүріп-тұратын жол, өзіңе тасқын кезінде алған стрессті басу үшін шетелге шығып демалатын пұл керек.

Енді бұл ақшаның бәрін еркін игеру үшін не істеу керек? Әрине төтенше жағдай жариялайсың. Себебі ЧС кезінде кез-келген соммадағы ақшаны тендерге телмірмей, гос закуп деп порталға салмай-ақ, “из одного источника” қалаған компанияға ұстата бересің. Ең рахаты апталап, айлап ақша күтіп жүрмейсің. Бүгін бөліп, ертең-ақ игере бересің.

Енді осындай “игілікті”, жеңілдікті ең бастысы байлықты көре тұра мен неге қыстан бастап қызыл судың алдын алуға қамданып, тасқынға қарсы іс-шараларды жүргізуім керек? Қызықсыңдар! Қызыл сумен бірге қалтама қып-қызыл қаржы ағып келетінін көре тұра, біле тұра өзен арналарын ашып, қыста жауған қарды шығарып, жылғаларды тазалайды дейсіңдер ме?

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024