Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бишімбаев соты: С.Нүкенованың ағасы марқұмның беті көгерген суретін көрсетті

ktk.kz

Бишімбаев соты: С.Нүкенованың ағасы марқұмның беті көгерген суретін көрсетті

Айтбек Амангелді сот кезінде Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың арасындағы алғашқы ұрыс-керістер қалай басталғаны туралы мәліметтер айта келіп, марқұмның бет-әлпеті көгерген сурет көрсетті. Жәбірленуші тарап бұл сурет Бишімбаевтың Нүкенованы сабағанына дәлел болады деп есептейтінін де жеткізді, деп жазады kazinform.

«Менің жеке пікірім бойынша, бұл сурет беттен көп рет жұдырықпен ұрғанына куә бола алады. Әрине, мен Салтанат үшін қорқып кеттім, жағдайына алаңдадым. Ол маған суреттерін жіберіп, бір нәрселер жазды. Бірінші әрекетім оған қоңырау шалу болды. Мен қоңырау шалған кезде түнгі сағат бір кезі болатын. Ол тұтқаны көтермеді.

Алаңдай бастадым да, Қуандыққа телефон соқтым. Қуандық жауап берді. Қуандықтан не болып жатқанын, неге ондай сурет алып жатқанымды сұрадым. Менің тарапымнан бейәдеп сөздер де айтылды. Ол үйге кел, сөйлесейік деп жауап берді. Үйдің алдында кездесіп, бәрін талқылайық деді. Келгенде Қуандық болмай шықты. Үйге кіріп, бесінші қабатқа көтеріліп, есік қақтым.

Есікті басқа некеден туған қызы Рания ашты. Рания мені жақсы танитын, Салтанат қайда екенін сұрап едім, көрмегенін айтты. Үйге кіріп бүкіл бөлмені аралап шықтым. Ол кезде пәтерде Раниядан басқа ешкім болған жоқ», - деп еске алды Айтбек Амангелді.

Айтбек Амангелді осыдан кейін Қуандық Бишімбаевпен төбелесіп қалғанын айтты. Осы жағдайдан кейін С. Нүкенованы алып кетпек болғанымен, марқұм кетуден бас тартқанын атап өтті.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024