Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркістан: «Киелі мекен» апталығында Созақты Баба...

turkistan.today

Түркістан: «Киелі мекен» апталығында Созақты Баба...

16 сәуір Түркістан облысы, Созақ ауданы, Құмкент ауылдық округінде «Киелі мекен» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, жергілікті тұрғындар мен ауылдың белсенді жастары Баба түкті Шашты Әзіз кесенесінің ауласын тазартуға жұмыла кірісті,-деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысының әкімдігіне сілтеме жасап.Тазалық акциясына арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков тарихи-мәдени ескерткіштің ауласына жүргізілген тазалық жұмыстарына қолдау білдіріп, осындай маңызды шараларды тұрақты түрде қоғам болып ұйымдастыру керектігін атап өтті. Жиналған тұрғындар ауыл қарияларымен бірге кесене ауласына жеміс көшеттерін отырғызды. Қоршаулар мен онда келуші қонақтарға арналған аяқжолдарды және жарықшамдар мен арнайы орындықтарды қалыпқа келтірді. Сонымен қатар кесене аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, ондағы арам шөптер мен қураған ағаш түптері кесілді. Кесене аумағында ұйымдастырылған акцияға 100-ден астам белсенді жас пен ауыл тұрғындары атсалысып, тазалыққа қажетті техникалар жұмылдырылды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 сәуір 2024