Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бетпақдаладағы Созақта 27500 ағаш отырғызылыпты

turkistan.today

Бетпақдаладағы Созақта 27500 ағаш отырғызылыпты

"Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясындағы «Жасыл аймақ» апталығында Созақ ауданы бойынша барлық ауылдар мен елді мекендерде және де аудан орталығы Шолаққорған ауылында жалпыхалықтық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды,- деп хабарлайды turkistan.today Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Көркейту-көгалдандыру жұмыстарының басында болған аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан әкімі аппараты ғимаратының ауласына қосымша тал көшеттерін отырғызды. Сондай-ақ ішкі көшелерді аралап, тазалық жұмыстарының барысын бақылауына алды. Сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері, белсенді жастар мен ауыл тұрғындары атсалысты. Шолаққорған ауылының аумағы 5 секторға, яғни ондағы 144 көшеге жауапты ретінде бекітілген әр мекеме қызметкерлері аялдамаларды қалпына келтіру, күл-қоқыс шығару, тазалау, реттеу жұмыстарын жүргізіп, су өткелдерін, көпірлерді, өзен, канал, бұлақ, арық бойларын тазалап, қураған ағаштарды жою мен көшелердің бойындағы жол белгілерінің бағаналарын реттеу, сырлау сынды жұмыстарын жүргізді. Бұған қоса, “Жасыл белдеу” аумағына егілген көшеттер суарылды. Сондай-ақ аудан аумағын көгалдандыру мақсатында ауылдық округтер мен кенттерде көше бойларына, әлеуметтік нысандар және саябақтарға егілген тал көшеттерінің жалпы саны 27 500-ге жетті. Осылайша барша мекеме қызметкерлері, аудан тұрғындары, жастар қауымы тазалық жұмыстарына көмек қолын созуда әрдайым ниетті екендіктерін білдіріп келеді. Жоғарыда аталған жұмыстар легі алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, жүйелі түрде жүргізіліп отырады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 мамыр 2024