Әйелі күйеуіне бір бүйрегін берді
Шымкентте №1 қалалық клиникалық аурухана базасында 221-ші бүйрек трансплантациясы өтті. Науқастар ерлі-зайыпты. Донор – әйелі, ал күйеуі – реципиент. Ер кісі 1 жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрған. Гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Дәрігерлер ағза алмастыру отасы кезінде 1975 жылғы ер азаматқа әйелінің бүйрегін хирургиялық жолмен салып берді. Медицина қызметкерлері ерлі – зайыптыларға жасалған отаның сәтті өткенін, екі пациенттің де жағдайы жақсы екенін айтты. Науқастар үйіне шығарылды. «№1 қалалық клиникалық ауруханада кезекті бүйрек трансплантациясы отасы өтті. Операция тірі донорда жасалды. Ол рецепиенттің әйелі. Науқас 1 жылдан бері гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Отадан кейін «жасанды бүйрек» қызметі қажет болмайды. Науқастың өмір сүру сапасы жақсарады деп күтілуде», – деді хирургия бөлімінің меңгерушісі Сәбит Байтеміров. Күрделі отаны бастан өткерген науқас дер кезінде әрекет етіп, өзін ажалдан арашалап қалған ақ халаттыларға алғысын білдірді. «Бір жыл бойы гемодиализде жүрдім. Осы №1 қалалық клиникалық ауруханада бүйрек ауыстыру отасын жасады. Жұбайым донор болды. Құдайға шүкір, қазір жағдайым жақсы. Бірер күнде үйге шығамын. Дәрігерлерге көп рақмет», – деді реципиент Ерлан Асқаров.
- Соңғы
- Желтоқсан, 29
-
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
- Желтоқсан, 18
-
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
- Желтоқсан, 02
-
- Қараша, 28
-
-
-
- Қараша, 27
-
-
- Қараша, 26
-
- Қараша, 25
-
Күнделікті жаңалықтар
16 қыркүйек 2026