Әйгілі Қожаның рөлін сомдаған актерге қаржылай көмек қажет

«Менің атым Қожа» фильмінде басты рөлді сомдаған Нұрлан Сегізбаев ауыр дертпен күресіп жатыр. Бұл туралы журналист Жанар Қанафина хабарлады. Актердің денсаулығына алаңдаған көпшілік қаржылай көмек ұсынуға ниет білдіруде. Жанар Қанафинаның айтуынша, Нұрлан Сегізбаевтың отбасы да қиын жағдайға тап болған: жары жуырда ғана операциядан өткен, ал ұлы аутизммен күресуде. Көмек көрсету үшін Kaspi нөмірі жарияланды: 8 705 416 57 51, КАСПИ НҰРЛАН С.. Журналист жұрттан Нұрлан ағаның мазасын алмауды сұрады. Еске сала кетейік, Нұрлан Сегізбаевқа өкпенің созылмалы обструктивті ауруының (ХОБЛ) төртінші дәрежесі диагнозы қойылған. Дәрігерлер оған жарты жыл өмір сүруге мүмкіндік бар екенін айтқан. Қазіргі уақытта 75 жастағы актер тәулігіне 14 сағат тыныс алу аппаратында болуы керек.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
18 сәуір 2025