Шымкентте салмағы 7 келіге жуық сәби дүниеге келді

Шымкентте ерекше салмақты сәби дүниеге келді. Қалалық №2 аурухана перзентханасында 41 жастағы ана еш қиындықсыз 6700 грамм салмақтағы ұл баланы табиғи жолмен босанды. «Бұл елімізде сирек кездесетін жағдай. Сәби отбасындағы алтыншы бала атанды. Анасы бұған дейін төрт ұл және бір қыз тәрбиелеп отыр. Қазір ананың да, баланың да жағдайы жақсы. Ең таңқаларлығы — ана өзі босанды, ота жасаудың қажеті болмады», — делінген денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
18 сәуір 2025