БҚО-да түнгі уақытта жоғалып кеткен ана мен бала дрон арқылы табылды

Батыс Қазақстан облысында түнде жоғалып кеткен әйел мен баланы құтқарушылар дрон арқылы тапты. ҚР ТЖМ хабарлауынша, 1982 жылы туған әйел 2015 жылы туған ұлымен бірге Сарыөмір ауылынан Дуан ауылына бара жатқанда жолдан адасып, байланыс үзілген. Іздеу жұмыстары қараңғы уақытта қиындық туғызғанымен, үш ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен олар Рыбцех ауылы маңынан ақаулы көліктің жанынан табылды. Анасы мен баласы медициналық көмекке мұқтаж болмай, аман-есен елді мекенге жеткізілді.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
2 мамыр 2025