Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Аяқ-қолы жоқ жанды қайыр сұрауға мәжбүрлегендерге қатысты сот отырысы басталды

kaz.365info.kz

Аяқ-қолы жоқ жанды қайыр сұрауға мәжбүрлегендерге қатысты сот отырысы басталды

Қарағандыда қол-аяғы жоқ мүгедек азамат 10 жылдан астам уақыт бойы қылмыстық топтың бақылауында қайыр сұрауға мәжбүр болған. Тергеу мәліметтері бойынша, ол күн сайын аялдамада отырып, өткен-кеткендерден ақша сұраған. Осылайша, қылмыскерлер жылына 10 миллион теңгеге дейін пайда тапқан. 41 жастағы ер адам азаматтық некедегі жұбайымен бірге еңбек құлдығына түскен. Әйелі оны «қожайынның» бұйрығымен таңертең аялдамаға апарып, кешке қайтып алып кететін болған. Қылмыстық топ ер адамды қорқытып, ұрып-соғып, тіпті ішімдікке үйреткен. 2023 жылдың соңында басты күдікті есірткіге байланысты ұсталғанда, осы еңбек құлдығы жайлы фактілер белгілі болды. Іс бойынша бірнеше адамға айып тағылып, сот процесі жалғасып жатыр. Жәбірленуші мен оның әйелі денсаулығына байланысты сот отырыстарына қатыса алмайды. Қазіргі таңда олар қоғамдық ұйымның қамқорлығында, ұйым оларға құқықтық және медициналық көмек көрсетуде.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 мамыр 2025