Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елімізде жыл басынан бері 150-ге жуық жаңа білім беру мекемесі ашылды

kaz.365info.kz

Елімізде жыл басынан бері 150-ге жуық жаңа білім беру мекемесі ашылды

2025 жылдың басынан бері Қазақстанда мектепке дейінгі және орта білім беру саласында 150-ден астам жаңа нысан пайдалануға берілді.Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, соңғы төрт айда 126 балабақша ашылып, 8,5 мың орын қолжетімді болды. Балабақшаға бармайтын балалардың ата-аналарына арналған 4 100 кеңес беру пункті жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда еліміздің өңірлерінде 232 жаңа мектеп салынып жатыр, олардың жалпы қуаттылығы — 267 мың оқушы орны. ШҚО мен Алматы облысында жаңа форматтағы үш мектеп ашылған. Инклюзивті білім беруге арналған үш жаңа мекеме ашылып, ерекше білім қажеттілігі бар балалар үшін 121 қолдау кабинеті іске қосылды. Қазіргі таңда мектептердің 90 пайызы инклюзия талаптарына сай. Сондай-ақ Алматы, Шымкент, Павлодар, СҚО және ШҚО өңірлерінде қосымша білім беретін алты нысан ашылды. Жаз айларында Ақтөбе мен Жетісу облыстарында балаларға арналған заманауи сауықтыру орталықтары жұмысын бастамақ.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 мамыр 2025