Маңғыстаулық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының үздік лингвисі атанды

APLO-2025 — Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы өз мәресіне жетті. Биылғы зияткерлік байқауға аталған аймақтан 500-ге жуық дарынды оқушы қатысты. Қазақстан құрамасы байрақты бәсекеде тарихи жетістікке жетіп, 5 медаль мен 3 Құрмет грамотасын жеңіп алды. Ең үздік нәтиже көрсеткен — Маңғыстау облысындағы IT-лицейдің 10-сынып оқушысы Рамазан Бутантаев. Ол олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанып, алтын медаль иеленді. Құрмет грамоталарына ие болғандар: Ислам Сипатталов (Ақтөбе), Шыңғыс Қарасаев (Орал), Арон Хасанов (Атырау).Команданы халықаралық олимпиада жеңімпазы, Тюбинген университетінің студенті Аида Давлетова жаттықтырды.
- Соңғы
- Танымал
- Маусым, 19
-
-
- Маусым, 18
-
-
- Маусым, 17
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 16
-
- Маусым, 11
-
- Маусым, 10
-
-
-
-
- Маусым, 09
-
-
Күнделікті жаңалықтар
20 маусым 2025