BBC телеарнасы Маңғыстаудың ерекше жерлерін көрсетті

Маңғыстау облысы халықаралық BBC арнасының жаңа бейнематериалының басты кейіпкеріне айналды. The alien lands once hidden beneath the ocean («Мұхит түбіне жасырынған тылсым жерлер») атты бейнеролик BBC Reel платформасында жарияланып, өңірдің бірегей табиғаты мен геологиялық тарихына арналған.
Материалда Маңғыстаудың жер бетінде сирек кездесетін ерекше көріністері, атап айтқанда, миллиондаған жыл бұрын ежелгі мұхит түбінде қалыптасқан үстірттер, шатқалдар мен жартастар бейнеленген.
Сюжет авторлары қазіргі Батыс Қазақстан аумағы ежелгі теңіздің түбі болғанын атап өтіп, бұл өңірдің бедері мен құрылымы өзге ғаламшар ландшафтына ұқсас екенін айтады. Бейнематериалда сондай-ақ Маңғыстаудың мәдени және туристік әлеуеті кеңінен ашып көрсетіледі. Бірегей табиғаты, тарихы мен дәстүрі үйлескен бұл өңір кейінгі жылдары туристер арасында танымал болып келеді.
BBC түсірген материал Қазақстанның туристік әлеуетін халықаралық деңгейде таныстыруға ықпал етіп, шетелдік аудиторияның еліміздің табиғи және мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттырады.
- Соңғы
- Танымал
- Қазан, 14
-
-
- Қазан, 13
-
-
- Қазан, 08
-
- Қазан, 02
-
- Қазан, 01
-
-
- Қыркүйек, 30
-
-
- Қыркүйек, 29
-
-
- Қыркүйек, 26
-
-
- Қыркүйек, 25
-
- Қыркүйек, 22
-
- Қыркүйек, 19
-
-
Күнделікті жаңалықтар
15 қазан 2025