Керімағаш ауылында 15 жылдан бері ішімдік сатылмайды
Жетісу облысының Панфилов ауданына қарасты Керімағаш ауылында 15 жылдан бері ішімдік сатылмайды. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Керімағаш тұрғындары тыныштық дегеніміз – қиындықтың жоқтығы емес, ол – ақылдың тазалығы мен игі істерге бағытталған күш екенін дәлелдеді.
Ауыл тұрғындары ұлы ақын Абай Құнанбайұлының «Ақыл мен сабыр – елдің сәні» дегенін жиі еске алады.
«Арақ – адамның денсаулығын ғана емес, тұтас бір ұрпақты да құрдымға кетіретін зиян. Сондықтан бүгінгі таңда Керімағаш – саналы өмір мен рухтың күшінің символы. Мұнда өсіп келе жатқан жаңа буын уақытша ұмытшақтық емес, спортты, еңбекті және отбасылық құндылықтарды таңдайды», – делінген хабарламада.
- Соңғы
- Танымал
- Желтоқсан, 29
-
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
- Желтоқсан, 18
-
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
- Желтоқсан, 02
-
- Қараша, 28
-
-
-
- Қараша, 27
-
-
- Қараша, 26
-
- Қараша, 25
-
Күнделікті жаңалықтар
30 желтоқсан 2025