Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Маңғыстау облысында салмағы 6,6 келі нәресте дүниеге келді

kaz.365info.kz

Маңғыстау облысында салмағы 6,6 келі нәресте дүниеге келді

11 қараша күні облыстық перинаталдық орталықта салмағы 6 келі 690 грамм болатын алып қыз бала дүниеге келді. Нәресте кесарь тілігі арқылы өмірге келген. Дәрігерлердің мәліметінше, жаңа туған сәбидің анасында жүктілік кезінде қант диабеті, ауыр преэклампсия деген ауыр диагнозбен қатар артық салмақ болған.

«Мұндай жағдайлар баланың дамуына, соның ішінде оның туылған кездегі салмағына әсер етуі мүмкін», – дейді мамандар.

Қазір ана мен нәрестенің жағдайы тұрақты, олар дәрігерлердің бақылауында. Дәрігерлер жүктілікке алдын ала дайындықтың және әйелдердің дер кезінде тексерілудің маңыздылығын атап өтті. Бұл әсіресе, созылмалы аурулары бар әйелдерге қатысты айтылды.

«Жүктілікті алдын ала жоспарлау, қажетті тексерулерден өту және болашақ анаға барынша қолайлы жағдай жасау өте маңызды. Бұл ананың да, сәбидің де денсаулығына төнетін қауіп-қатерлерді азайтуға көмектеседі», — деді перинаталдық орталықтың мамандары.

Сондай-ақ дәрігерлер салмағы үлкен болып туған балалардың метаболикалық бұзылуларға, оның ішінде артық салмақ жинауға және инсулинге төзімділіктің дамуына бейім болуы мүмкін екенін ескертті. Дегенмен, дұрыс бақылау жүргізіліп, салауатты өмір салты сақталған жағдайда бұл жағдайдың денсаулыққажақсы әсері болуы да ықтимал.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 қараша 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар