Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Халық асыға күткен «Қызылорда-Жезқазған» жолы пайдалануға берілді

kaz.365info.kz

Халық асыға күткен «Қызылорда-Жезқазған» жолы пайдалануға берілді

Сыр өңірінде халық көптен күткен, көлік жүргізушілері мен жолаушылардың арманына айналған «Қызылорда-Жезқазған» жолы пайдалануға берілді. Салтанатты рәсімге облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «Қазавтожол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеумбетов, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, депутаттар және ардагерлер қатысты.

«Республикалық маңызы бар автомобиль жолы туралы мәселе Тәуелсіздік алған кезеңнен бері бірнеше мәрте көтерілді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, тұрғындарымыз қара жолмен Елордаға, Ұлытау, Қарағанды облыстарына қатынады. Астанаға 2 мың шақырымнан астам жол жүріп, Балқаш арқылы да барды. Енді міне, Президентіміздің ерекше қолдауының арқасында қанша жылдан бері халқымыз көтерген өзекті мәселе өз шешімін тапты. Облыс аумағындағы 216 шақырым жол толық қайта жаңғыртудан өтіп, тиісті жұмыстар аяқталды. Жобаны жүзеге асыруға 84 млрд. теңге бөлінді», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Негізі «Қызылорда-Жезқазған» жолының ашылуы келесі жылға жоспарланған болатын. Халықтың сұранысы ескеріліп, мерзімінен бұрын пайдалануға берілді. Бұрын сапарға шыққандар екі аралықта 20 сағат жол жүретін. Енді жаңа жолға түскен жолаушылар 16 сағатта діттеген жеріне барады. Жол тегіс, сапасы жоғары, қауіпсіздік, жайлылық ескерілген.

Бүгінде «Қызылорда-Жезқазған» жолын «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізіне қосатын 25 шақырымдық айналма жол салатын мердігер мекеме анықталуда. Жақын күндері құрылысы басталады. Жоба құны – 46 млрд. 3 млн. теңге.

Республикалық маңызы бар жол көлік қатынасын едәуір жеңілдетіп, жүк тасымалының тиімділігін арттырады. Жол бойында заманауи сервистік қызмет көрсететін пункттер бой көтеріп, шағын және орта бизнес жанданады. Аймақтар арасындағы әлеуметтік-экономикалық интеграция нығая түседі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 қараша 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар