Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шымкенттік 18 жастағы жігіт велосипедпен Меккеге жетті

kaz.365info.kz

Шымкенттік 18 жастағы жігіт велосипедпен Меккеге жетті

Ролан Меккеге 49 күн бұрын Шымкенттен велосипедпен шыққан. Сапар соңына қарай қиын сәттер де болған. Ол 8 мың шақырымды артқа тастап, Сауд Арабиясының шекарасына өткен сәтте полиция Роланды кіргізбей қойған.

«Полиция қызметкерлері тоқтатып, «бұлай жүруге болмайды» деп біраз уақыт ұстап қалмақ болды. Алты сағаттай ұстады. Әлеуметтік желіге салып едім, Умра сапарын ұйымдастыратын компания байланысып, жағдайды түсіндіріп, арабша сөйлесіп, полицейлерге ешқандай кедергі жасамайтынымды айтты», – дейді Ролан.

Еске салайық, қазанда сапарға шыққан Роланның оқиғасын жазған болатынбыз. Ол Шымкенттен Меккеге 13 қазанда шыққан. Алғашқы күні ол Шұбарсу арқылы Түркістанға жеткен. Сапарының екінші күні қазақстандықтар Роланға көмектескен. Роланның сөзінше, ол түнгі уақытта жанармай бекеттерінің қасына шатыр құрып (палатка) ұйықтап алатын көрінеді. Қиындыққа тап болған кездері де болған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 желтоқсан 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар