Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда жаңа жылдық Президент шыршасы өтті

kaz.365info.kz

Алматыда жаңа жылдық Президент шыршасы өтті

Алматыда «Жаңа жыл елімізді аралап келеді» атты дәстүрлі жаңа жылдық Президент шыршасы салтанатты түрде ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараға Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.

Мерекеге 300 бала шақырылды. Олардың қатарында балалар үйінің тәрбиеленушілері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан бүлдіршіндер, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар, сондай-ақ оқу, спорт және шығармашылық саласында жетістікке жеткен дарынды оқушылар бар.

Балалар үшін артистердің, шығармашылық ұжымдардың, ертегі кейіпкерлері мен аниматорлардың қатысуымен мазмұнды мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға жаңа жылдық сыйлық табысталды.

Жаңа жылдық Президент шыршасы — жылдан жылға жалғасып келе жатқан игі дәстүр. Бұл мереке балаларға қуаныш сыйлап, олардың жан-жақты қолдау көріп жатқанын сезіндіруге, сондай-ақ өскелең ұрпаққа деген қамқорлық пен айрықша назардың маңызын айқындай түседі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 желтоқсан 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар