Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елімізде жұмыртқа 11 пайызға қымбаттады

kaz.365info.kz

Елімізде жұмыртқа 11 пайызға қымбаттады

Қыркүйектің соңғы аптасында бағаның күрт көтерілгенін тұтынушылар да байқаған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бұл түрі, әсіресе Ақтөбе қаласында қымбат. Өндірушілер бұны сапасыз жем-шөппен байланыстырып отыр. Елде өндірілген азық тауыққа беруге жарамсыз болған соң, Ресейден басқасын алдырып, тағы бір шығындалған. Алматыдағы ең ірі супермаркетте жұмыртқаның неше түрі бар. Он данасының бағасы 629 теңгеден басталып, 945 теңгеге дейін. Мәселен, сұрпы мен салмағы үлкен түрінің бағасы да 975 теңге. Қазірдің өзінде жұмыртқаның бір данасы 50 теңгеден асып түскен. «Ұлттық статистика бюросы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының тізбесіне кіретін бірінші санаттағы жұмыртқаларды ғана тіркейді. Жұмыртқа бағасы орташа есеппен 11,6 пайызға өскен. Ақтөбеде 29,3 пайыз, Павлодарда 20,9 пайыз, Шымкентте 20,6 пайыз, Ақтауда 19,6 пайыз, Қарағандыда 19,5 пайыз өскені тіркелді. Бағасы төмені: Қонаев, Астана, Өскемен», – дейді Тұтыну бағалары статистикасы басқармасының сарапшысы Таңшолпан Кереева. Қазір елімізде 58 құс фабрикасы жұмыс істеп тұр. Оның 29-ы жұмыртқа өндіреді. Мамандар бағаның күрт өсуін биыл сапасыз жиын-терін науқанымен байланыстырады. Оған қоса, делдалдар да бағасының үстіне өз пайызын қосуы мүмкін. «Жұмыртқа мен құс еті құнының 70 пайызы жемге кетеді. Биыл жақсы егін жинағанымызбен, астықтың көбі сапасыз болды. Сондықтан Ресейден жоғары сапалы жем сатып алдық. Құс фабрикалары сауда министрлігімен келісілген меморандумды ұстанады. Олар 50 теңгеден жоғары баға қоймайды. Біз бар болғаны 40 теңгеден сатамыз. Оның үстіне делдалдар 15 пайыз, саудагерлер тағы 15 пайыз қосады. Мұндай жағдай тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ Ресейде, Қырғызстанда, Беларусьте те бар», – дейді, Қазақстан құс өсірушілер одағаның президенті Руслан Шәріпов. Елімізде жыл сайын 5 миллиардқа жуық жұмыртқа шығарылады. Оның 99 пайызын қазақстандықтар тұтынады. Сондықтан жұрттың алаңдауына еш себеп жоқ. Жұмыртқа бағасы жаңа жылға дейін осы аралықта болады, – дейді мамандар.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қазан 2024