Елімізде АЭС бөліп төлеу жүйесімен салынбақ
Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов Қазақстанда атом электр станциясы бөліп төлеу жүйесімен салынуы мүмкін екенін айтты. Арман Қасеновтің айтуынша, АЭС-ті кім салатыны әлі белгіленген жоқ. «Қазір оны кім салады, қай елдер салады деген сияқты шешім қабылданған жоқ. Демек оны қалай қаржыландыратыны туралы да айтылмады. Атом электр станциясын қаржыландырудың бір нұсқасы – бөліп төлеу жүйесімен салу. Яғни, оны салатын компания төлем мерзімін ұзарта алады. Тиісінше, қаржыландыруға қаражат қажет болмауы мүмкін», – деді вице-министр. Журналистер Қасеновтен «АЭС Қазақстан үшін тиімсіз бола ма?» деп сұрады.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
26 желтоқсан 2024