Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ыстанбұлдан Алматыға бет алған жүк таситын ұшақ құстармен соқтығысып қалды

inform.kz

Ыстанбұлдан Алматыға бет алған жүк таситын ұшақ құстармен соқтығысып қалды

ЫСТАНБҰЛ—НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жексенбі күні Ыстанбұлдан Алматыға бағыт алған Turkish Airlines (THY) әуе компаниясының жүк таситын ұшағы апатты жағдайда қайта қонды. Жүк таситын ұшақ Ататүрік әуежайынан ұшқан кезде құстармен соқтығысып қалған. Бұл туралы ҚазАқпарат Жүк таситын ұшақ Ататүрік әуежайынан жергілікті уақыт бойынша (0540GMT) таңғы сағат 08:40-та ұшқан. Turkish Airlines баспасөз қызметі әуеге көтерілген B777-F ұшағы құстармен соқтығысып қалған. Құстар жүк таситын ұшақтың планерін зақымдаған. Аталған ұшақ шұғыл түрде жерге қону үшін салмағын азайту керек болған, сол себепті жанармайды Мәрмәр теңізінің үстіне төгіп жіберіп, одан кейін Ататүрік әуежайына қайта қонған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 мамыр 2024