Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада 13 көлік өртенді

aikyn.kz

Астанада 13 көлік өртенді

Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өртті сөндіруге 9 бірлік техника мен жеке құрамнан 15 адам жұмылдырылған. Өрт сөндірушілер сағат 08:59-да «Батыр» көлік жуу орнына жетті. Екі қабатты ғимарат өртенгенін анықтады. Алдын ала болжам бойынша, 13 жеңіл автокөлік зардап шекті. «Көлік жуу орнында автокөлік көп болғандықтан өртті сөндіру оңай болған жоқ. Өрт сағат 10:21 минутта ауыздықталды, 10:53-те толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – деді өрт сөндірушілер.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 мамыр 2024