Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Индонезиядағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны артты

baq.kz

Индонезиядағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны артты

Табиғи апаттармен күрес агенттігінің мәліметінше, Индонезияның батыс Сулавеси провинциясында орын алған екі жер сілкінісінің салдарынан 820 адам жарақат алып, 15 000 адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Алғашқы жер сілкінісінің амплитудасы 6,2 балл болған, екіншісінікі 5,9 балл. Куәгерлердің сөзінше, табиғи апат орын алғанда бас сауғалап белгісіз бағытқа жүгірген тұрғындар да болды. Жер сілкінісінің эпицентрі батыс Сулавесидегі Мамуджи қаласының маңында болған. Жер асты дүмпулері түн ортасында сезіле бастаған. Зардап шеккендер санының көптігіне адамдардың сол уақытта ұйықтап жатуы да себеп.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 мамыр 2024