Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Иманды болсын! Алматыда із-түзсіз жоғалған ер адам өлі табылды

newsroom.kz

Иманды болсын! Алматыда із-түзсіз жоғалған ер адам өлі табылды

Алматыда былтыр желтоқсанда із-түссіз жоғалып кеткен ер адам өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Ршимов Айян Едігеұлы, 1990 жылы туған, 2023 жылдың 13 желтоқсанында жоғалып кеткен. Сағат 18:00 шамасында Медеу ауданы, Талғат Бигелдинов көшесі, 74 үй мекенжайындағы үйінен шығып кеткен.

Белгілері: бойы – 180 сантиметр, арық денелі, шашы қысқа, көзі қоңыр. Үстінде қара күрте мен қара қалпақ болған.

Еріктілердің айтуынша, ер адам қайтыс болған. Оның денесі 10 сәуірде табылды. Ер адамның өлімінің мән-жайы нақтыланған жоқ.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 сәуір 2024