Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада 20 адамды сан соқтырған «жиһаз жасаушы» сотталды

ktk.kz

Астанада 20 адамды сан соқтырған «жиһаз жасаушы» сотталды

Қала тұрғыны өзінің қылмыстық әрекеттерін жасыру мақсатында, жұбайының атынан жеке кәсіпкерлік рәсімдеп, жиһаз құрастыру үшін өндірістік үй-жайды жалға алған. «Instagram» әлеуметтік желісінде жиһаз дайындау туралы хабарландыру бейнероликтерін жариялаған. Кәсіпкерлік қызметтің көрінісін жасай отырып, тапсырыс берушілердің үйіне келіп, өзіне тиесілі емес басқа жұмыстардың фотосуреттерін көрсетіп, жәбірленушілерді алдаған. Өлшем алу жұмыстарын жүргізе отырып, жеке кәсіпкерлік атынан шарт жасасып, жәбірленушілерден тапсырыс сомасының 70% мөлшерінде алдын-ала төлем алып отырған. Осындай тәсілмен 20 жәбірленушіге 8,4 млн теңге көлемінде шығын келтірілген. Басты сот талқылауында сотталушы жәбірленушілермен азаматтық-құқықтық қатынас болуына сілтеме жасай отырып, кінәсін мойындамады.

Мемлекеттік айыптаушы-прокурор оның кінәсін толық дәлелдеді. Кінәлі адам бірнеше рет жасаған алаяқтық үшін 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Кінәліден жәбірленушілердің пайдасына келтірілген материалдық шығын өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді. Қала прокуратурасы елорда тұрғындарымен қонақтарына қырағы болуды, таңдалған қызметтің нәтижелерінің дұрыстығына көз жеткізуді, сонымен қатар өз жұмысы үшін төмен баға ұсынатын адамдарға сенбеуді ескертеді, өйткені бұның бәрі алаяқтықтың белгісі болуы мүмкін.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қыркүйек 2024