Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Павлодарда футбол бапкері 10 жасар қызға азғындық істеген

kaz.365info.kz

Павлодарда футбол бапкері 10 жасар қызға азғындық істеген

Павлодар облысында 10 жасар қызға азғындық әрекет жасаған футбол бапкері ұсталып, қамалды. Осы оқиғаға байланысты Павлодар облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова желідегі парақшасында пікір білдірді. Оның айтуынша, ол жәбірленуші қыздың анасына хабарласып, нақты қандай көмек қажет екенін сұраған. «Әуелі баланың физикалық және психо-эмоционалдық күйіне назар аудардым. Оларға қазір қандай көмек қажет екенін нақтылап сұрадым. Сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыру кезінде құқық қорғау органдарына қатысты сұрақтары бар-жоғын анықтадым. Қазіргі кезде қыз үйінде, отбасының жанында, жақындары оны мүмкіндігінше сүйіспеншілікке бөлеп, қамқорлық танытуда. Психологтың жұмысы сұраныс бойынша жүзеге асырылады. Ал анасы полиция қызметкерлерінің жұмысын жоғары бағалап отыр. Мен 10 жасар қыздың ешнәрседен қорықпай, қысылмай ата-анасына бәрін жасырмай айтып бергеніне таңданыс білдірдім. Мұны қыздың анасына да жеткізіп, көпбалалы анаға баласына берген тәрбиесі үшін алғысымды айттым. Өйткені олар балаларының бойында өздеріне, ата-анасына деген сенім деңгейін қалыптастырған. Соның нәтижесінде бала өз отбасының қорған бола алатынын біліп, жағдады баяндаған. Дәл осы әрекеті арқылы тағы бірнеше бала мынадай сұмдық жағдайдан құтқарылған болуы мүмкін! Мен үшін бұл ерлік! Бұл, тіпті, әрбір ересек адамның қолынан келе бермейді», – деді Сәуле Шәкенова. Ал күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қыркүйек 2024