Жындыханадан қашып кеткен науқас автобус жүргізушісін пышақтап кетті
Таразда психикалық диспансерден қашып кетті деген ер адам автобус жүргізушісін пышақтап тастаған. Жарақат алған азаматқа шұғыл ота жасалды. Автобус жүргізушісі ер адамнан жол ақысын сұраған екен. Сол кезде науқас оның иық тұсына пышақ сұғып, қашып кеткен. Жарақат алған автобус жүргізушісіне шұғыл ота жасалды. Қолында суық қаруы бар 33 жастағы күдіктіні полицейлер жеті күннен бері таппай жатыр. «Полиция қызметкерлері қылмысқа қатысты күдікті 33 жастағы Байзақ ауданының тұрғыны екенін анықтады. Қазіргі таңда күдіктіні іздестіру іс-шаралары жалғасып жатыр», – деді Жамбыл облысы ПД ресми өкілі.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
21 желтоқсан 2024