Өзбекстан астанасы Ташкентте жер сілкінді
Бүгін таңғы сағат 05:45-те Өзбекстан астанасында 2 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жер дүмпуінің эпицентрі қаланың Мирзо-Улугбек ауданы болған,- деп хабарлайды newsroom.kz
Жер сілкінісіне қатысты ақпаратты елдің ТЖМ Сейсмоболжам мониторингінің республикалық орталығы Telegram-дағы арнасында жариялады.
Мекеме ақпаратына сүйенсек, Өзбекстан Республикасында 2024 жылғы 9 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 00:45-те жер сілкінісі тіркелді. Эпицентрі – Ташкент қаласының Мирзо-Улугбек ауданы.
Жер сілкінісінің координаттары: 41,33 градус солтүстік; 69,38 градус шығыс. Магнитудасы М=3,6. Тереңдігі 5 км. Эпицентрден Ташкентке дейінгі қашықтық солтүстік-шығыс бағытта 10 км.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
22 желтоқсан 2024