Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада көлік жүргізушілері жолдың қақ ортасында төбелесті

kaz.365info.kz

Астанада көлік жүргізушілері жолдың қақ ортасында төбелесті

Астанада жол бөлісе алмаған көлік жүргізушілері төбелесіп қалды. Куәгерлердің айтуынша, екеуі жолға таласқан. Куәгерлер түсірген видео Instagram желісіндегі Astana brothers парақшасында жарияланды. Кадрларда екі ер адамның жол үшін төбелес шығарғаны анық көрініп тұр. Ал жолдан өтіп бара жатқан көліктер оларға сигнал берген. Видеоға қатысты Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. «Биыл 10 қыркүйекте Тұран даңғылында Mitsubishi Pajero мен Toyota Camry көлігінің жүргізушілері жол бөлісе алмай төбелес шығарған. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қос жүргізуші де әкімшілік жауапқа тартылды. Материал сотқа жолданды», – деп делінген елордалық полиция департаментінің хабарламасында.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қыркүйек 2024