Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Автобус көпірден құлап, минивенді басып қалған

kaz.365info.kz

Автобус көпірден құлап, минивенді басып қалған

Алматы облысында автобус Қаскелең көпірінің қоршауын соғып, құлап кеткен. 78-автобус көпірден минивэнге құлаған. Жүргізуші жолда ауырып, қанындағы қант мөлшері көтеріліп кеткен көрінеді. Облыстық полиция жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады. «12 қыркүйекте Ютонг автобусының жүргізушісі «Алматы-Бішкек» тас жолының 25-шақырымында келе жатып, кері бұрылу маневрін жасаған кезде рөлді басқара алмай қалған. Салдарынан қоршауға соғылып, көпірден құлап кеткені анықталды. Сол кезде Mercedes Benz Sprinter көлігінің артқы жағына түсті. Жол апаты кезінде автобус жүргізушісі ес-түссіз болған», – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Берік Дәкиев. Автобус жүргізушісінің жамбас сүйегі сынған. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Қандағы қант деңгейі жоғары – 35. Оқиға кезінде автобуста жолаушылар болмаған. Ал микроавтобустың жүргізушісі мен оның алты жолаушысы дәрігерлерге қаралып, үйлеріне жіберілді. Қазіргі уақытта полиция апатқа қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Екі көлік те арнайы тұраққа жіберілген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 желтоқсан 2024