Қазақстан азаматы 14 жасар баламен жыныстық қатынасқа түскен – Бас прокуратура
Ресей Федерациясынан он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түскен деп айып тағылған қазақстандық ер адам экстрадицияланды. ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түскені үшін Қазақстан азаматы қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадицияланды. «2023 жылғы қыркүйекте ол Шымкент қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінде 14 жасармен жыныстық қатынасқа түскен», – делінген қадағалаушы органның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада. Күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған. Прокуратура өкілдерінің хабарлауынша, биыл сәуірде ол Ресейдің Новосибирск қаласында ұсталған. «Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Ресей тарапы күдіктіні отанына экстрадициялау туралы шешім қабылдады Қазіргі уақытта сотталушы тергеу изоляторына қамалды», – дейді қадағалаушы орган өкілі. Бұл қылмыс үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
21 желтоқсан 2024