Алматыда жаппай төбелес болды
Бостандық аудандық полиция басқармасы 20 жас азаматтың қатысуымен болған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. «Қақтығысқа қатысқандардың барлығы ұсталып, полицияға жеткізілді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі. Одан кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілдері бұл оқиғаның оқу орнының аумағында болмағанын хабарлады. Бостандық ауданы ПБ-ның хабарлауынша, оқиға 2024 жылғы 24 қыркүйекте сағат 02:52-де Попов, Бальзак көшелерінің қиылысында болған. «Тараптар арасындағы кикілжің Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағынан тыс жерде тіркелді», - деп түсіндірді ҚазҰУ баспасөз қызметі.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
21 желтоқсан 2024