Пойызда сарбазды ұрған күдіктілер ұсталды
Желіде ұлттық ұлан сарбазына әлімжеттік көрсеткен бейнежазба тараған еді. Кейіннен Мемлекет басшысы қылмыскерлерді шұғыл түрде ұстауды тапсырған. Нәтижесінде, Ішкі істер министрлігі жедел-тергеу іс-шараларын жүргізіп, күдіктілердің мекенжайын анықтады,- деп хабарлайды newsroom.kz
Ұлттық ұланның мерзімді қызметінің бұрынғы әскери қызметшісін ұрып-соққан екі күдікті елордада ұсталды. Олар сарбаздың бұрынғы әріптестері екен.
Мәліметтер бойынша, тергеу аясында барлық күдіктілерден жауап алынды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
21 желтоқсан 2024