Қарағанды облысында өрт сөндіру кезінде төтеншелік мерт болды
Қарқаралы ауданында өртті сөндіру кезінде сарандық 33 жастағы Қайрат Хали күйік алып, көз жұмды,- деп хабарлайды newsroom.kz
Өрт сөндірушінің үш әріптесі 29 жастағы Саян Күмісбаев, 24 жастағы Олжас Әлімхан және 27 жастағы Ақмедиа Серікпай түрлі күйікпен ауруханада жатыр.
Куәгерлердің айтуынша, өрт сөндірушілер биік шөптердегі өрт қақпанына түсіп қалған. Қатты желдің салдарынан өрт өте тез таралып, құтқарушылардың қашу жолдарын кесіп тастады.
Айта кетейік, өрт 6 қазан күні таңертең Қоянды ауылынан 18 шақырым жерде шыққан.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
21 желтоқсан 2024