Терең бункерді тазаламақ болған: Рудныйда 4 жұмысшы қаза тапты
Қайғылы оқиғаны прокуратура растады. Төрт жұмысшы 6 қазан күні тереңдігі 5 метр болатын бункерді тазалауға түсіп, қайта сыртқа шыға алмай қалған,- деп хабарлайды newsroom.kz
Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі, полиция және жедел медициналық жәрдем қызметі барған.
«Құтқарушылар жұмысшылардың мәйітін алып шықты. Жедел жәрдем қызметкерлері қайтыс болғанын растады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деп мәлім етті ведомство.
Айта кетелік, қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
21 желтоқсан 2024