Қарындасының тыныштығын бұзған атыраулық азамат 10 тәулікке қамалды
Атырау қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының мәліметінше, ер адам қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін кінәлі деп танылған.
«Ер адамға қатысты іс ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 461-бабының 1-бөлігімен қаралды. 2024 жылдың қыркүйек айында А.Е.-нің қарындасының пәтеріне келіп, оны мазалап әрі тыныштығын бұзғаны анықталды. Осылайша, ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзған. Оның әкімшілік құқық бұзушылық әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, қорғау нұсқамасымен және сауалнама хаттамасымен дәлелденді. Сот қаулысымен А.Е. аталған бап бойынша кінәлі деп танылды», - деп хабарлады аталған соттан.
Қорғау нұсқамасын бұзған ер адам 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
30 желтоқсан 2024