Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ШҚО-да оқушы қызды қорлағандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

ktk.kz

ШҚО-да оқушы қызды қорлағандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қазіргі уақытта полицейлер осыған қатысты қылмыстық іс қозғады. Оқиға Зайсан ауданында болған. Бұл туралы видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Онда көрінгендей, оқушы қызға бір топ қыз әлімжеттік көрсеткен. Оны боқтап, жерге тізерлетіп кешірім сұратқан.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Қазіргі уақытта күдіктілер анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар тәртіп бұзған қыз балалар мектепішілік есепке алынып, әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясына тиісті ұсыныс енгізілді. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге ақпараттар жария етілуге жатпайды», - делінген ақпаратта.

Ведомство дерегінше, полицейлер бала тәрбиесіне байланысты өз міндеттерін орындамағаны үшін күдіктілердің ата-аналарын жауапкершілікке тарту мақсатында тиісті шараларды қабылдады.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 желтоқсан 2024