Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

75 миллион теңге пара алған кеден қызметкері сотталды

kaz.365info.kz

75 миллион теңге пара алған кеден қызметкері сотталды

Оралда пара алған кеден қызметінің бұрынғы қызметкеріне сот үкімі шықты. Сотталушы бір жылға жуық ауыр жүк көліктерін «Сырым» автобақылау бекетінен кедергісіз өткізгені үшін ақша алған. Ер адамның 75 миллион теңге пара алғаны анықталды. Ол мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік әкімшілендіру бөлімінде жетекші маман қызметін атқарған екен. Сотталушыға өткен жылы қазанда халықаралық іздеу жарияланып, қамауға алынды. Судья Динара Ғылманова құқықбұзушылықтың ерекше ауыр деп танылғанын атап өтті. «Сот үкім шығарарда барлық жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескеріп, сотталушыны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ оның мүлкі тәркіленеді. Ер адамғк мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі қосымша жаза қарастырылған», – деді қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Динара Ғылманова.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 желтоқсан 2024