Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Қатып қалсын!»: Ақтөбе облысынд әйел баланы аязда далаға жалаңаш алып шыққан

kaz.365info.kz

«Қатып қалсын!»: Ақтөбе облысынд әйел баланы аязда далаға жалаңаш алып шыққан

Желіде Ақтөбе облысы, Хромтау қаласында аязды күні жартылай жалаңаш баланы далаға алып шыққан әйелдің видеосы тарады. Видеода әйелдің қыстық киім киіп алғаны, ал баланың тек футболка мен іш киімде жүргені көрінеді. Жолдан өтіп бара жатқан куәгердің «Бала қатып қалатын болды ғой» деген сөзіне әйел «қатып қалсын» деп жауап берген. Әйелдің аты-жөні Әлмира Назарова екені анықталды. Ол желі қолданушыларын пікір білдіргені үшін прокуратураға арызбен қорқытқан. «Баланы ешкім далаға қуып шығарған жоқ. Ол қашып кеткен жерінен ұсталып, үйіне жеткізілді. Ешкім сіздердің пікірлеріңізді сұраған жоқ», – деп жазған Әлмира Назарова. Ал Хромтау полициясы бұл ақпарат тексерілетінін мәлімдеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 желтоқсан 2024