Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Петропавлда 3 жасар баланың көзіне пышақ кіріп кетті

ktk.kz

Петропавлда 3 жасар баланың көзіне пышақ кіріп кетті

Оқиға кеше түс шамасында болған. Көпбейінді облыстық балалар ауруханасына жедел жәрдем қызметімен ауыр халде, есін жоғалтқан 3 жасар бала жеткізілді. Сәбиде көз шарасы зақымданған пышақ жарақаты болған. Анасы дәрігерлерге баланың ас бөлмесінде орындықтан құлап, көзіне пышақ кіріп кеткенін айтты.

— Бала жансақтау және қарқынды терапия бөлімшесінде барлық қажетті емді алып жатыр. Жағдайы өте ауыр, сол жақ көз ұясы аймағында жарасы бар. Қажетті диагностикалық тексерістер, дәрігерлердің консилиумдары жүргізіліп, ашық бас-миының жарақаты, ауыр дәрежедегі мидың соғылуы диагнозы қойылды. Травматикалық шок алған. Бала миына бірнеше рет динамикада компьютерлік томография жасалды. Оның нәтижелері бойынша хирургиялық емдеуден бас тарттық. Бірнеше күннен кейін қайтадан КТ жасап, жағдайын көреміз. Қазіргі уақытта бактерияға қарсы, инфузиялық-трансфузиялық, гемостатикалық және ісінуге қарсы, симптоматикалық терапия жүргізіліп жатыр, — дейді көпбейінді облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрлан Айманов.

Полиция қызметкерлері баланың жарақат алу фактісі бойынша мән-жайды анықтау және процестік шешім қабылдау үшін тексеріс жүргізіп жатыр. Бұл дерек Петропавл қалалық полиция басқармасының ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, бала үй жағдайындағы жазатайым оқиға нәтижесінде жарақат алған.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 желтоқсан 2024