Нигерияда қайырымдылық шарасы кезінде 22 адам мерт болды
Сенбі күні Нигерияның оңтүстік-шығысындағы Анамбра штатындағы Окиджа қаласында Рождество мерекесі қарсаңында халыққа азық-түлік пен өсімдік майын таратуға арналған қайырымдылық шарасы өткен. Сол кезде қыспақта қалған 22 адам қаза болды. Мерт болғандар саны бұдан көп болуы мүмкін. Анамбра полициясының өкілі Точукву Икенганың айтуынша, зардап шеккен кей адамдар жергілікті ауруханаларда емделіп жатыр. Бірақ олардың нақты саны айтылмады. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүргізілуде.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
27 желтоқсан 2024