Алматыда ауладан өлі табылған әйел аяусыз азапталған
Алматыда қызының мәйітін скотчпен оратылған күйі сөмкеден тапқан ана тергеушілердің әрекетіне наразы. Жанна Тұрсынбаева 39 жастағы қызын бір емес, бірнеше адам азаптап өлтірген деп есептейді. Марқұм Гаухар Бақанованың мәйітін алғаш тексерген кезде мамандар оның денесінен ешқандай зорлық-зомбылық белгілерін анықтамаған. Бірақ қара жамылған ана бұл шешіммен келіспей отыр. Айтуынша, Гаухардың денесінің сау-тамтығы жоқ. Анасы күдікті азаматты бұрын-соңды көрмегенін, қызының ол адаммен таныс болмағанын айтады. «Бұл жалғыз емес деп ойлаймын. Бір адам істеген жоқ. Тістен дым жоқ. Көзі жоқ, ашылмайды. Өз еркімен кірген депті, білмеймін ғой. Сол кіргенде де, анадай етіп өлтіре ме?! Ол жерде отырып сыра іштік депті, 15 минут душқа кіріп кетсем, осындай өлі жатыр депті. Үш қызына анасын қайдан тауып беремін», – дейді марқұм Гаухардың анасы Жанна Тұрсынбаева. 39 жастағы Гаухар Бақанова Түрксіб ауданындағы дәмханалардың бірінде жұмыс істеген. Күдікті азаматпен оның қалай танысқаны белгісіз. Фото: КТК телеарнасының бейнекадрынан
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
27 желтоқсан 2024