Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, "Заңсыз такси жүргізуші" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында жалдамалы пәтерлерінің бірінде аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматы ұсталды.
Ер адам өз Отанында қылмыс жасағаннан кейін жасырынған.
"Ұсталған адам Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр", - деді департаментте.
Бұдан бөлек, Тереңкөл ауданында тәртіп сақшысы Қазақстан Республикасында болу мерзімін бұзған көрші мемлекеттің азаматын ұстады. Шетелдіктің халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапқа тартылды, материал сотқа жіберілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
27 желтоқсан 2024