Әуе апаты: 38 адам қаза тапты, ұшақтың қара жәшігі табылды
Ақтауда ұшақ апатынан 38 адам қаза тапты. Бұл туалы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев баспасөз брифингінде айтты. Зардап шеккен 11 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Қаза тапқандардың жеке басын анықтаудың жеке тәртібі болады. Ұшақта болған кей жолаушылардың денесі түгелдей өртеніп кеткен. Сонымен қатар ұшақтың қара жәшігі табылды. Оның айтуынша, қара жәшік қылмыстық іске заттай айғақ ретінде тіркелді. Төтенше оқиға Қазақстан аумағында болғандықтан тергеу жұмыстарын қазақстандық мамандар жүргізіп жатыр. Бірақ қара жәшікті зерттеуге шетелдік мамандар да қатысады. Сонымен қатар, брифингте Ақтауда апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағының бортында болған барлық Қазақстан азаматтарының қаза тапқаны ресми түрде хабарланды. Еске салсақ, Әзербайжан әуе компаниясының Баку (Әзербайжан) қаласынан Грозный (Ресей) қаласына бағыт алған ұшағы 25 желтоқсан күні жергілікті уақытпен 11:30-да Ақтаудан 3 шақырым жерде апатқа ұшыраған. Жолаушылар рейсі Грозныйда қатты тұман салдарынан қоналмаған, бастапқыда Махачкалаға, кейін Ақтауға қайта бағытталған.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
27 желтоқсан 2024