Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақмола облысында 12 жастағы бала әкесін пышақтап өлтірді

paryz.kz

Ақмола облысында 12 жастағы бала әкесін пышақтап өлтірді

Бұланды аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне жедел жәрдем фельдшері пышақталған адамның мүрдесі табылғаны жөнінде хабарлаған. Жедел іздестіру шараларын бастаған тәртіп сақшылары Макинск қаласындағы үйлердің бірінде 47 жастағы ер адам мен оның 12 жастағы ұлының арасында кикілжің болып әкесі баласын ұрып, оның артынан ұлы пышақтап тастағанын анықтады. Алған ауыр жарақаттан ер адам оқиға орнында көз жұмған.

"Қаза болған ер адам жол ұйымында жүргізуші болып жұмыс істегені анықталды. Адам өліміне күдікті бала қала мектептерінің бірінде оқиды. Оқиға орнына барлық жедел қызмет өкілдері жетті. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Адам өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Ер адам мен 12 жастағы ұлдың арасындағы дау әкесіне пышақ салумен аяқталғаны белгілі болды. Тергеу шеңберінде оқиғаның себептері анықталып жатыр. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қаңтар 2025