Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Оңтүстік Кореяда ұшақ шасси ақауына байланысты әуежайға оралды

ktk.kz

Оңтүстік Кореяда ұшақ шасси ақауына байланысты әуежайға оралды

30 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 06:37–де Кимпхо халықаралық әуежайынан (Gimpo) Чеджу қаласына бағыт алған Jeju Air ұшағы аспанға көтерілді. Көп ұзамай шассиде ақау бары байқалған. Әуе компаниясы бірден жолаушыларға ақау туралы хабарлап, ұшақ 07:25–те Кимпхо әуежайына қайта қонуға мәжбүр болды.

Жолаушылар дәл осындай үлгідегі басқа Boeing B737-800 ұшағына отырғызылды. Алайда 21 жолаушы қауіпсіздікке байланысты бортқа мінбейміз деп шешімін қабылдаған. Jeju Air ақпаратынша, ұшқыш шасси ақауын анықтағаннан кейін басқару орталығына хабарласқан.

Хабарланғандай, қосымша тексерулерден кейін шассидің дұрыс жұмыс істеп тұрғаны расталды, бірақ капитан тексеру үшін әуежайға оралуды ұйғарды.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 қаңтар 2025