Вице-министр дипломындағы мамандықтан тыс салаға қалай басшы болғанын түсіндірді

«Жоғары біліміңіз халықаралық құқық, туризм және менеджмент саласы бола тұрып, еңбек саласында вице-министр деңгейіне дейін қалай тез өстіңіз?», - деп сұрады БАҚ өкілі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Олжас Ордабаев туризм саласында маман даярлау мәселесімен айналысқандықтан, өзін еңбек саласына да қатысы бар деп есептейтінін айтты. «Менің еңбек жолыма, өмірбаяныма қызығушылық танытқаныңызға рахмет. Еңбек жолымды Алматы қаласында туризмді дамытудан бастағанмын. Одан кейін шақыру бойынша конкурсқа қатысып, Білім министрлігінде туризм саласының мамандарын даярлау мәселесімен айналыстым», - деген Олжас Ордабаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында 7 жыл жұмыс істегенін еске салды. «Осының бәрін ескерсек, менің бұл қызметке келуімдегі қисын түсінікті сияқты. Осыдан кейін білім министрлігінің жанындағы еншілес ұйымда кәсіптік-техникалық білім беру мәселелерімен айналыстым. Кейін мемлекеттік қызметшілер қатарына қосылу рәсімінен өттім. Дәл осы Еңбек министрлігіне келуіме жинаған тәжірибем себепші болды. Жұмыспен қамту шараларын қалай ұйымдастыру қажеттігі туралы пайымдарым бар еді. Сонда кейінгі 6 жыл көлемінде халықты жұмыспен қамтуға атсалысып келе жатырмын деген сөз. Бұл мен үшін қисынды», - деді вице-министр. Фото: primeminister.kz
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
13 мамыр 2025
13 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар