Елена Рыбакина әлемнің сегізінші ракеткасы атанды

WTA Live рейтингісінде қазірдің өзінде Е.Рыбакина 10-орыннан 8-сатыға көтерілді. Қазақстандық теннисші өзінің алдында тұрған швейцариялық Белинда Бенчич пен грекиялық Мария Саккариді басып озды. М.Саккари Индиан-Уэллс жарысының жартылай финалында белоруссиялық Арина Соболенкодан жеңіліп қалған болатын. Өткен жылғы додада финалға дейін жеткен М.Саккари осылайша ұпайларын жоғалтты. Егер Елена Рыбакина жексенбі күні финалда А.Соболенконы ұтса, онда рейтингте 7-орынға шығады. Қай саты да Е.Рыбакина үшін рекордтық көрсеткіш болмақ. Еске сала кетейік, бұдан бұрын әлемнің 1-ракеткасын ұтқан Елена Рыбакинаның алғаш рет Индиан-Уэллс мастерс турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Александр Бублик АҚШ-тағы жарыстың ширек финалына өтті. Елена Рыбакина ойнайтын Индиан Уэллс турнирінің финалы тарихта қалады.
- Соңғы
- Танымал
-
-
-
- Шілде, 29
-
- Шілде, 28
-
-
-
- Шілде, 25
-
-
- Шілде, 24
-
-
-
- Шілде, 23
-
-
-
- Шілде, 18
-
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
30 шілде 2025
30 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар