Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Құйын аралас жаңбыр салдарынан Дубай әуежайы жұмысын уақытша тоқтатты

kz.kursiv.media

Құйын аралас жаңбыр салдарынан Дубай әуежайы жұмысын уақытша тоқтатты

Біріккен Араб Әмірлігіндегі Дубай әуежайы жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Оған табиғаттың тосын құбылысы себепші болды. Мемлекет осыған байланысты дабылдың сары деңгейін жариялады. Төтеше жағдай режимі ертең кешке дейін жалғасады.

Араб Әмірлігі аумағында күшті жаңбыр сейсенбі күні басталды. Бұл аласапыранда Дубай қаласы айрықша зардап шекті. Интернет кеңістігінде тараған бейнежазбаларда әуежайдағы ұшақтардың қалт-құл етіп, әрең тұрғаны байқалады. Көшелер суға толып, сауда орындарын су басты. Метроның ішіне де су құйылуда.

Дүйсенбі күні басталған нөсер тыйылар емес. БАӘ Ұлттық метеорология орталығы тұрғындарға бұл нөсердің зардабы орасан болатынын ескерткен. Әуе рейстерімен қатар, елдегі теміржол қатынасы да тоқтады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 сәуір 2024